Елордадағы теміржол және көлік бағытында маман даярлайтын колледжде «Кәсіпорын мен колледждің өзара іс-қимылының жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мекеме басшысының айтуынша, өнеркәсіпте 20 жылдан аса тәжірибе жинақтаған 11 білікті маман оқу үдерісіне тартылып, білім алып жатқан оқушылардың еңбек нарығына ерте бейімделуіне жол ашуда.
Жиын барысында теміржол және көлік саласындағы жетекші кәсіпорындар өкілдерімен әріптестікті күшейту, білім мазмұнын еңбек нарығы сұранысына сәйкестендіру тетіктері талқыланды. Сондай-ақ заманауи талапқа сай жабдықталған екі мамандандырылған кабинет ашылды.
Әлішер Жұмаділдин, М. Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің директоры:
- Болашақта колледж оқытушыларының басым бөлігін осы кәсіпорыннан алғымыз келеді. 2029 жылға дейін барлық білім алушыларды дуалды оқыту жүйесіне көшіргіміз келіп отыр. Сондықтан барлығы дерлік мамандығы бойынша оқу бітіріп, дипломын алса, тәжірибесін өндірістерден өтсе, барлығы 100 пайыз жұмыспен қамтылады.