Алматыда ғалымдар жаңа Конституцияның ғылым мен жоғары білім саласының дамуына ықпалы жайында ашық дәріс берді. Оған профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар мен студенттер қатысты.
Ата Заң – құқықтық құжат қана емес, ғылыми-технологиялық дамуға, инновация мен академиялық еркіндікке жол ашатын жаңа мүмкіндік. Халықтық Конституция ғылымды нығайтып, жаңа буын зерттеушілерін даярлауға зор мүмкіндік береді. Оқытушылар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, жасыл энергетика, инженерия мен биотехнология бағыттарын дамытуға басымдық беру керектігін айтты.
Ерік Меркібаев, Satbayev University кафедра меңгерушісі:
- Ата Заңымызға, елімізге деген құрмет адамның көзінен байқалып тұру керек. Жалпы қазір қазір барлығымыз білеміз, қоғамда ғылым мен білім күннен күнге дамып жатыр. Яғни біздің Конституциямыз ол білім алуға құқық береді, білім алу дегеніміз – ол шығармашылық еркіндік.