Алдағы 2 жылда 2,5 мыңнан астам ауыл мектебіне ЖИ енгізіледі

  • 13
  • 16.09.2026, 18:36

Алдағы 2 жылда 2,5 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектеп бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі. Қазір жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба ретінде Қызылорда және Павлодар облыстарында іске асып жатыр. Арнайы бағдарлама екі аймақтағы 10 білім ордасын қамтиды. 4-ші сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндерін оқып жатыр. Пилоттық жобаға қатысушы мектеп санын ұлғайту көзделді.

Батырхан Есенбеков, Шиелі ауданы №84 мектеп директоры:

- Негізгі мақсаты  қала мен ауыл балалары арасындағы алшақтықты жою мақсатында біздің ұстаздарымыз кеше тамызда осы пилоттық жоба бойынша Астанаға барып 1 апталық курстардан өтіп келді, біліктілікті арттырды. Қазір пилоттық жоба аптасына 5 сабақ онлайн өтіп жатыр. Аптасына математикадан 2 сабақ, қазақ тілінен 2 сабақ және цифрлық сауаттылықтан 1 сағат болып жүр.