Елдегі 2,2 миллион бала үйірмеге тегін қатысты

  • 6
  • 09.10.2026, 18:45

Қазақстандағы 2 млн 200 мыңнан астам бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысты. Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына арналған мемлекеттік бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Атап айтсақ, елдегі 2 мың 896 үйірмеге 3,5 млн бала қатысады. Оның 90 пайызы мектеп оқушылары. 2 миллионнан астамы қосымша білім беру сабақтарына тегін қатысқан. Әр балаға тең мүмкіндік берілуі үшін 2025-ші жылдан бері еліміздің бірқатар қаласында қосымша білім беру саласына бірыңғай ваучерлік жүйе енгізіліп келеді. Бұл жүйе Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе, Атырау мен Қызылорда облыстарында тиімді іске асты. Нәтижесінде 600 мың бала ваучер арқылы түрлі үйірме-секцияларға қатысуға мүмкіндік алды.

2029-шы жылға дейінгі ұлттық стратегияға сәйкес, биыл балалардың 95 пайызын, ал келесі жылы 100 пайызын толықтай қосымша біліммен қамту жоспарланған.