Жолдау жүктеген міндет: ҚР азаматтарына мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетіледі
Нақтыласақ, алтын медальға – 4 млн 300 мың, күміске – 2 млн 900 мың, ал үшінші орынға 1,5 миллион теңгедей сыйақы тағайындалады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Оларға конкурсқа қатыспай-ақ, ЖОО-ға түсу үшін грант беру мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттейміз. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айтқандай, жеңімпаздарды даярлаған педогогтарға да бір жолғы ақшалай сыйақы беру көзделген.
Сыйақыдан бөлек, келер жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының да мөлшері 60 мың теңгеге көбейетін болды. Ал үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы» банкінен 2 пайыздық мөлшерлемемен ипотека беріледі. Аталған банк бастапқы жарна көлемін 10% дейін төмендетпекші. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қазақстандықтар аталған ипотеканы рәсімдеу кезінде де зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асқан бөлігін алғашқы жарна ретінде қолдана алады. Сондай-ақ Президент тапсырмасына сәйкес көші-қон саясатының 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Құжатта оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қандастардың Қазақстанға қоныс аударуы, шетелден мамандар тарту мәселесі қамтылады.