2026 жылға қарай 1,5 млн оқушыға жаңа мектептер ашылмақ
Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының ұйымдастыруымен өткен жиында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты. Білім беру саласын дамытуға 37,5 млрд теңге бөлген. Оның 20 миллионы өңірлердегі мектептің білім сапасын жақсартуға бағытталмақ. 2025 жылға дейін 5 мың мектеп жаңартылып, жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша 7 мың заманауи кабинет ашылады. Ал жоғары оқу орындарының студенттері 44 бағыт бойынша шет елдік озық білімін онлайн, әрі тегін оқи алады. Себебі қор Coursera жобасын іске қосқан.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
-Аз қамтылған отбасының балаларына қазіргі уақытта 2300-ден астам грант берілді. 17 өңірде, 17 мектептен пилоттық жоба басталды. Бұл да жақсы қолдау. Ауылды жердегі 3000-нан астам мектепте интернеттің сапасы жоқ. Соны қалпына келтіру керекпіз. Біздің жоспарда бар.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі :
-Курсты біз қазақ тіліне аударып жатырмыз. 5 айдың ішінде 100-ге жуық курс аударылды. Біздің мақсатымыз оқытушыларымызды Coursera-ның мазмұнын қолданып, Coursera-ға және Халықаралық платформаларға өзіміздің курстарымызды сату.