Соңғы жылдары білім беру саласында жемқорлық фактісі көбейген
Сөзіме дәлел 3 жылда 11 миллиард теңгеге жуық ақша ұрланып, 143 адам сотталған. Оның 5 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылыпты. Бір ғана Жетісу облысында 2 жарым жыл қатарынан мектеп басшысы мен екі бухгалтер 4,4 миллиард теңгені заңсыз алып келген. Дегенмен ең ірі жымқыру фактілері Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарында тіркелген. Мектеп басшылары мүлдем жұмыс жасамайтын адамдарға, туыстары мен жақындарына жалақы аударып отырған. Аталған фактілер бойынша ведомствоаралық кеңесте талдау қорытындысы шығарылды.
Нұрдәулет Сәмет, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау басқармасының басшысы:
-Талдау объектісі ретінде жалпы барлық білім беру басқармалары жатқызылды. Оқу-ағарту министрінің қызметі жатқызылды. Нәтижесінде, Талдықорған қаласында анықталған қылмыс секілді, қылмыстар басқада облыста, аймақтарда көп орын алғаны анықталды.