Жұмыспен қамту саласы цифрланды
Ал өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 950 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі Светлана Жақыпова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Басқосу барысында министр Enbek.kz платформасының жаңа мүмкіндіктері мен жұмыспен қамту саласын цифрландыру туралы да айтты. Платформаға енгізілген өзгерістердің арқасында жұмыс іздеу де, жұмысшы іздеу де жеңілдейді. Бұдан былау екі қолға бір күрек іздеп, Enbek.kz сайтына бас сұға қалсаңыз, сізге лайықты қызметті табуға жасанды интелект жәрдемдеседі.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Жаңа оқу бітірген жас азамат өзі туралы ақпарат беріп, резюмесін ілген кезде жасанды интелект өзінің ұсыныстарын береді. «Осындай жұмыс, сіз сол талаптарға сай келіп тұрсыз, сізді жұмыс берушімен байланыстырайын» дейді. Егер жұмыс іздеуші жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келсе, екеуі бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, электронды түрде еңбек келісімшартын жасаса алады.