Хабар телеарнасы

Алматыдағы университеттердің бірінің жанынан Заң клиникасы ашылды

Дуальді білім беру негізінде қолға алынған жоба теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты азайтады, - дейді оқу орнының басшылығы. Атап айтқанда, студенттер білім ала жүріп, заң клиникасында тәжірибе жинақтайды. Яғни профессорлардың менторлығымен нақты кейстерді зерттеп, халыққа заңгерлік кеңес береді.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керектігін айтқан. Әділетті қоғам құру үшін заңгерлердің кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс. Жаңа стратегиялық жобаны іске асыру үшін университет басшылығы бірнеше нотариалдық, адвокаттық қауымдастықтармен келісімшарт жасады. Заң клиникасында білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі.

Қанат Қожахмет, университет президенті:

- Студент сол Заң клиникасында 3 жыл практика жасап, университетті бітірген кезде тек қана бір университеттің бітіруші түлегі ғана емес, сонымен қатар 3 жыл практикалық негізі бар, әртүрлі адвокаттық, нотариалдық және басқа заңдық салаларда практика алған бітіруші сияқты шығады. Осындай студенттерге нарықта өте үлкен сұраныс бар.