Алматыда Алатау бөктеріндегі өртті дер кезінде анықтайтын жүйе іске қосылды
360 градусқа айналатын аумақты тәулік бойы күзететін камералар Шымбұлаққа, Медеуге және Бутаков шатқалының жоғары жағына орнатылған. Бұл туристер көп келетін орындар. Камералар радиусы 40 шақырымға дейінгі жерді көре алады екен. Түнде және жауынды күні де мінсіз жұмыс істейді. Камераларды орнатып, басқару орталығын жабдықтауға 224 млн теңге жұмсалған. Мамандар 10 күндік дайындықтан өткен. Операторлар түтін шыққан жердің нақты координаты мен картинасын жедел басқару орталығына беріледі. Үш камерадан келген ақпарат 2 айға дейін орталық компьютерде сақталады.
Толқын Нұрәбілов, Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи паркі КММ директорының М.А.:
-ЦОУ-дейді, күнделікті соған ақпарат келіп түсіп отырады. Мына камералар жаңағы өрт болған жағдайда алдын ала байқап, координатымен осы ЦОУ-ға түсіп отырады. ЦОУ-дан біздің инспекторларға ақпарат жіберіліп отырады.