Соңғы алты жылда туберкулезге шалдығу дерегі 27% азайды
Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында Қазақстандағы емханаларда фтизиатр және фтизио-педиатрлар тұрғындарды қабылдайды. Жаппай флюорографиядан өткізеді. Соңғы алты жылда Қазақстанда туберкулезге шалдығу 27%, аурудың таралу деңгейі 32% азайды. «Бұған заманауи технологиялар мен тиімді емдік шаралар әсер етті»,– дейді мамандар. Оң динамика Алматы қаласында да байқалады. Мұнда 2,5 мыңнан астам арнайы емдеу кабинеті жұмыс істейді. Жалпы былтыр ел балалар мен жасөспірімдер арасында осы дерттен өлім-жітім жағдайы тіркелмеген. Емдеу орындарында молекулалық-генетикалық диагностика әдісі енгізілген. Соның көмегімен ауруды небары екі сағат ішінде анықтауға мүмкіндік бар. Өкпе ауруына негізінен нашақорлық пен ішімдікке салынғандар жиі шалдығады.
Мәлік Әденов, ҚР ДСМ штаттан тыс бас фтизиатры:
-2024 жылдың соңғы қорытындысы бойынша жазасын өтеу саласында, қылмыстық атқару жүйесі саласында тұрған науқастардың саны 120 ғана адам. Ал жалпы біздің республика бойынша есепте тұрған науқастардың саны 8700 адам. Бірақ соңғы жылда ол 1253 адамға төмендеген.