Қосшыда бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын емхана құрылысы аяқталды

  • 9
  • 15.01.2026, 20:30

Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдайтын емхана құрылысы аяқталды. Бүгін медициналық нысанды Денсаулық сақтау министрі мен Ақмола облысының әкімі көпшілікке таныстырды. Заманауи жабдықтармен қамтылған емхана Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған. Жобаның жалпы құны шамамен 30 млрд теңге. Поликлиникада Қосшы қаласы мен Ақмола облысының Шортанды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Қорғалжын, Целиноград және Астрахан аудандарының 100 мыңнан астам тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Жеке компания қаражатына салынған емханада 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 

Серік Ақшолақов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, дәрігер-нейрохирург:

-
Біріншіден, Қосшы қаласының халқын құттықтағым келеді, осындай үлкен жобаның басы басталуымен. Бүгінгі салынған емхана халықаралық стандартқа сәйкес. Осы орталық салынады дегеннен бастап бірге қызмет істедік. Оның нейрохирургия, реанимация, реаблитация бөлімшелеріне қандай тұрғыда апппараттар керек екенін өзіміз консультация беріп, біраз жұмыс жасалды.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

-Жалпы мұның құрлысының жалғасы ары қарай жүріп жатыр. 26-шы жылдың жазында 350 төсек аурухана ашылады. Яғни осы жерде біздің облыстың номер 2-ші ауруханасы ашылады.