ДСМ: Соңғы аптада 170 мыңнан астам жұқпалы вирус тіркелген
Эпидахуал тұрақты. Елімізде жұқпалы респираторлы вирустық инфекция мен тұмаудың көрсеткіші өткен жылғыдан 27% төмен. Дегенмен эпидемиологиялық маусым енді басталды. Соңғы аптада 170 мыңнан астам жұқпалы вирус тіркелген.
Елімізде тұмауға жатпайтын риновирус, аденовирус сынды инфекциялар тарап жатыр. Жыл басынан бері 1700 адамнан COVID анықталған. Одан бөлек, кей өңірлерде, әсіресе балалар арасында өкпе қабынуы жиілеген. Сондықтан вирустық инфекцияның алғашқы белгісі байқалғанда асқындырмай, дер кезінде емдеу керек, - дейді дәрігерлер. Ал эпидемияның алдын алудың бір жолы екпе салдыру екенін ескертеді.
Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:
- Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген Гриппол вакцинасының 2 млн 207 мың дозасы сатып алынды. Бұл республиканың жалпы халқының 11% қамтуға мүмкіндік береді. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар.