Ауыл-аудандарда медициналық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Былтыр 460 нысанның құрылысы аяқталды. Күндізгі стационар, физиотерапия мен зертхана кабинеті пайда болды. Биыл тағы 195 нысан тапсырылады. Ал 32 аудандық аурухана жаңғыртылады. Олардың базасында - ангиограф, КТ, МРТ-мен жабдықталған кардиологиялық орталық, травматология, реанимация, хирургия бөлімшесі ашылады.
Бұдан бөлек, ауыл халқы жабдықталған телемедицина кабинетінде қашықтан консультация ала алады. Мұндай кабинеттердің саны 1 жылда 2 есе көбейді. Мұның бәрі «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр.