Жетісулық дәрігер ұшақта жолаушыны аман алып қалды
Жетісу облысында тұратын дәрігер Жидда-Алматы бағытындағы ұшақта денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыны ажал аузынан аман алып қалды. Көрер жарығы бар науқасқа көмек көрсеткен кім?
Мұрат Иманғазинов қажылықтан қайтатын ұшаққа мінерде үш дәріні қатар ішкен. Соның салдарынан әуе кемесі көкке көтерілгенде бет аузы ісіп, тынысы тарылады. Абырой болғанда, ұшақтағы жолаушылрдың арасынан дәрігер мен қажетті дәрі де табылған.
Мұрат Иманғазинов, Павлодар облысының тұрғыны:
- Оттек финке деген 10-15 минуттың ішінде адам өліп кетеді. Сондай жағдайда, сондай сәтте, сондай дәрігер бауырымызды жіберіп, оның табылғаны, сондай дәрілердің табылғаны, жағдай жасағаны бұл бір Алланың құдіреті ғана деп есептеймін.
Жаны қысылған жолаушыға екпе салып, бес сағаттай бақылауда ұстаған дәрігердің аты - Жаннұр Сырымов. Ол ат-анасын қасиетті мекенге апарып қайтып келе жатқан екен. Егде кісілерді ертіп жүрген соң, сөмкесіне тиісті дәрілерді салып алған. Денсаулық сақтау саласының үздігі Сауд арабиясына ұшып бара жатқанда да науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен екен.
Жаннұр Сырымов, Көксу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
-Жұмысты енді бастап жатқан кезде жедел жәрдемде қызмет еттім ғой. Сол кездегі тәжірбием де өзіме сенімділік берді. Дәл осындай науқастарды кезіктірген едім.
Жаннұр Мәуленұлының мамандығы уролог-трансплантолог. Ғылыми институттардың бірінде қызмет атқарған ол қазір Көксу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері. Мекеме былтыр өңірдегі «Үздік тәжірбиелік орталық» атанды.
Мира Тоқтамысқызы, Көксу аудандық орталық ауруханасының бөлім басшысы:
-Министерстводан келіп тексеріп, бәр жағынан тәсілдерімізді, материалдық техникалық базасын тексергеннен кейін сондай атақ беріп отыр. Сырымов Жаннұр Мәуленовичтың қосқан үлесі көп. Ол кісі социальный службаны, балаларды үйде қарайтын тәсілді өзгертті.
Төрт тілді еркін меңгерген азаматтың жары да дәрігер. Ата-анасымен бірге олар бес бала тәрбиелеп отыр. Былтыр Жетісу облысындағы «Еңүздік жас отбасы» атанды.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосын