Петропавлдықтар экологиялық акция ұйымдастырды

  • 754
  • 10.12.2024, 19:37

Петропавл жастары даун синдромына шалдыққан балалармен бірге экологиялық акция ұйымдастырды. Олар ескі заттарды қоқысқа лақтырудың орнына кәдеге жаратып, жаңа жылдық ойыншықтар жасаған. Қағаз, шырша бүрі, пластмасса бөтелкелер әп-сәтте көздің жауын алатын бұйымдарға айналды. «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында өткен іс-шараға ардагерлер де атсалысты. Мерекелік ойыншықтар тұрғындарға таратылады.