Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

  • 1451
  • 27.02.2025, 18:49

Оған қалалық және облыстық мәслихат депутаттары мен шахар белсенділері қатысты. Көпшілік балабақша мен мектеп маңындағы мұзды ойып, қарын күреді. Сонымен қатар жастар шынығып, балалар мен ата-аналар серуендейтін Қаратал өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.

Бауыржан Тұғылбаев, Текелі қалалық мәслихатының  төрағасы:

-Бұл акцияны біз былтыр бастау көзін ашудан бастағанбыз. Содан бері бүгінгі күнге дейін 80 тонна қоқыс шығарылды. Бұл сенбілікті үнемі ұйымдастырып тұрамыз. Бұл жастарға үлгі болсын дейміз. Мәдениеттің бәрі тазалықтан басталады. Тазалық пен тәртіптен басталады.