Елде орманды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2021 жылдан бері 900 мың гектарға жуық жерге 1 миллион 300 мың түптен аса ағаш отырғызылған. Оның 200 миллионнан астамы биыл көктемде егілген. Күзде тағы 150 миллион түп ағаш пен бұта отырғызу жоспарланып отыр.
«Орал ойпаты мен Арал маңы» жобасы аясында да 500 мың гектарға жуық аумақта орман-мелиорациялық жұмыстары жүргізілген. Жыл бойына жоспарланған жұмыстарды қаржыландыру үшін ірі компаниялардан қаражат тарту мәселесі қарастырылмақ.
Мақсат Елемесов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары :
- Халық үшін қала аумақтарында қолайлы ортаны қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, 2021 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың күшімен елді мекендер аумағына 15,7 миллион ағаш егілді. 2025 жылға арналған жоспар бойынша 3,1 миллион түп ағаш отырғызылмақ. Оның ішінде биыл көктемде елді мекендерде 1,4 миллионнан астам бұта мен тал -терек егілді.