Бүгін — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
Осыған орай Астанадағы Президенттік орталықта «Қазақстанның экологиялық болашағы» тақырыбында панельдік пікірсайыс өтті. Жиынға 60-тан астам сарапшы, мемлекеттік орган өкілдері, экологтар, ғалымдар мен белсенді жастар қатысты. Кездесу аясында «Таза Қазақстан» акциясының қортындылары талқыланып, өзге де жобаларды іске асыру жоспары пысықталды.
Айта кетейік, соңғы жылдары елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға ерекше басымдық берілуде.
Ажар Сағандықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазір біз Экологиялық кодекске бірқатар өзгерістер енгізіп жатырмыз. Атап айтқанда, бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаруға қатысты. Әсіресе, РОП шеңберіндегі жаңа талаптар енгізіліп, жағдайды жақсартуға бағытталған нормалар қарастырылуда. Ендігі басты назар қоқысты жинауға қоса оны сұрыптап, қайта өңдеуге аударылуы тиіс. Өйткені негізгі мәселе — осы процестің жеткіліксіз дамуында екенін түсініп отырмыз.