Алматыда Экологтар күніне орай халықаралық форум өтті

  • 134
  • 05.06.2025, 18:46

Соңғы 50 жылда Қазақстанда шөлейтті жерлер 25 миллион гектарға ұлғайған. Мәселені зерттеп жүрген ғалымдар осындай дерек келтірді. Адамның табиғатқа зияны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Алматыда Экологтар күніне орай өткен халықаралық форумда айтылды. Іс-шараға қатысушылар табиғатты сақтау, жасанды интеллект арқылы экологиялық мониторинг жүйесін дамыту және флора мен фаунаның цифрлық кадастрын жасау бағыттарына басымдық берді. Сондай-ақ орнықты дамудың ұзақмерзімді стартегиясын әзірлеу мәселелері де талқыланды. Кездесу соңында сарапшылар биоалуантүрлілікті қорғауға арналған негізгі бастамалар мен ұсыныстар көрсетілетін қорытынды резолюцияны дайындауға уағдаласты. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА президенті:    

-Біз қазір мынау болжамды күшейтуіміз қажет. Табиғаттың қалай өзгеретінін біліп отыруымыз керек. Біздің алдымызда мақсат қоюымыз керек. Біз 20-30 жыл алға табиғи ресурсымыз қалай өзгереді, соны түсініп отыруымыз керек. Тек қана сонда біздің болжамымыз 20-30 жылға арналатын болса, табиғи ресурстардың зерттеу болжамы, тек қана сонда біз мына экожүйені басқара аламыз.