Алдағы 5 жылдың бірі Жер бетіндегі ең ыстық жыл болғалы тұр

  • 129
  • 05.06.2025, 18:47

Жаһандық жылынудың салдары ауыр болады. Мұны зерттеушілер айтудай-ақ айтып келеді. Бүгін дүниежүзілік метеорология ұйымы кезекті болжамын жариялады. Алдағы 5 жылдың бірі Жер бетіндегі ең ыстық жыл болғалы тұр. Әзірге метеобақылау тарихындағы ең ыстық жыл деп 2024 жыл тіркелген. Былтыр орташа температура алғаш рет өнеркәсіп дамымаған заманмен салыстырғанда, 1,5 градустан асқан. Ал 10 жыл бұрын Париж келісіміне қол қойған 200-ге жуық елдің өкілдері орташа температураны бұл межеден асырмауға келіскен еді. «Енді алдағы 5 жылдағы көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін»,– дейді мамандар.