5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

  • 299
  • 05.06.2025, 18:35

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Сондай-ақ елімізде 5 маусым – Экологтардың кәсіби мерекесі. Табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғау-адамзаттың алдында тұрған басты мәселе. Елімізде былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталды. 2025 жылдың басынан акцияға 1 млн 400 мыңнан астам отандасымыз қатысты. Осы уақыт ішінде 584 000 гектар аумақ тазартылып, 121 000 тонна қоқыс шығарылған. Акция аясында 1 млн 700 мыңнан астам көшет егілген.