Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің төңірегінде қураған шөп орылды

  • 36
  • 19.06.2025, 18:34

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің төңірегінде қураған шөп орылды. Тазалық жұмыстары Тұран-2 шағын ауданы аумағында ұйымдастырылды. Экологиялық шараға AMANAT партиясының аймақтық филиалы және оның «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, коммуналдық қызмет өкілдері мен қала тұрғындары да атсалысты. Олар сектор аумағын қоқыстан тазартып, көгалға күтім жасады. Ирригациялық жүйелерді ашып, жол жиегін сыпырып, ретке келтірді. Жалпы жыл басынан бері 2 мыңнан астам адам осындай іс-шараға өз үлесін қосқан. Нәтижесінде 17 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылған.