Ақтөбе облысында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 56 мың түп ағаш егілді.
Қазір мамандар алқаптарды арнайы техниканың көмегімен көгалдандырып жатыр. Тың тәсіл көшеттердің 90 пайызға дейін өсіп жетілуіне мүмкіндік береді. Ал өскіндер жергілікті тұқымбақтарда өсіріледі.