«Таза бейсенбі»: Есіл жағалауы қоқыстан тазартылды

  • 152
  • 10.07.2025, 18:43

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде «AMANAT» партиясы әр апта сайын «Таза бейсенбі» науқанын өткізіп келеді.

Бұл жолғы экологиялық акцияға «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты. Олар Есіл өзенінің Сарыарқа ауданына қарасты жағажайын қоқыстан тазартты. 

Талғат Тілес, «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы: 

- Осы жаз маусымында тұрғындар өзен-көлдерге келіп, жағажайларда дем алады. Кейбір жағдайларда айналаны ластап кететін тұрғындарымыз да болады. Сондықтан бұл экологиялық акцияның негізгі мақсаты – тек қоқысты жинап қою емес, бұл біздің тұрғындарымызға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жұмыс істеу.