Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында білім батлы өтті

  • 2343
  • 29.01.2026, 21:58

Зияткерлік ойынға 50-ге жуық студент қатысты. Олар үш командаға бөлініп, өзара сынға түсті. Байқау барысында қатысушыларға экология, қоршаған ортаны қорғау және осыған байланысты заңнамалар мен қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты сұрақтар қойылды. Шара қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы былтыр өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 450 түрлі іс-шара өтті. 

Ілияс Ташев, колледж студенті:

-Менің ойымша бүгінгі ойын өте қызықты өтті. Біз өте көп қызықты ақпарат алдық. Біз ойын барысында тек қана тәжірибе алмасып емес, жалпы осы экологияны сақтауға өз пікірлерімізді білдіріп және болашаққа өз идеяларымызды ұсындық.