Оған 30-ға жуық мемлекеттен 20 мыңнан астам делегат пен жүздеген компания өкілдері қатысады. Дайындық қызу. Бүгін Астанада Орталық Азия елдері вице-министрлерінің қатысуымен қорытынды кеңес өтті. Жиында саммит аясында қабылданатын бірлескен құжаттың жобасы талқыланды. Бұл құжат өңірдегі жасыл дамудың ортақ бағытын айқындауы тиіс. Сонымен қатар RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің ауқымы пысықталды. Оған 300-ден астам компания қатысып, 20 мың шаршы метр аумақта жобаларын таныстырады. Өзбекстан, Қытай, Германия, Франция және өзге де елдер ұлттық төл өнімдерін ұсынбақ.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
-Бүгін біздің саммиттің де бірден бір көтеріп отқан мәселелрі осы Орта Азия бойынша. Біз не істеу керекпіз? Себебі бұл экологиялық проблеманы бір мемлекеттің деңгейінде ғана қарау мүмкін емес.
Сәкен Қалқаманов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
-Каспий су деңгейінің төмендеуі, Аралды қалай қайтадан қалпына келтіру, Сырдария, Әмудария тағы да трансшекаралық өзендерді қалай толықтыру, одан кейін мұздардың деңгейі түскенін бүкіл өзекті мәселелер саммиттің деңгейінде талқыланады.