Солтүстікте күн күрт суытады

  • 5
  • 27.08.2026, 19:58

Солтүстікте күн күрт суытса, оңтүстікте керісінше ыстық әлі де сақталады. «Қазгидромедтің» дерегінше циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда нөсер және бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы күндіз айтарлықтай төмендейді. Мәселен, батыста +16, ал солтүстікте +12 градусқа дейін түседі. Орталықта 17 градус жылы. Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында керісінше күндіз ауа температурасы 30, ал кей жерлерде 37 градусқа дейін көтеріледі.