Жаңартылатын энергия көздерін игеру қарқын ала бастады
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін игеру қарқын ала бастады. 2025 жылға дейінгі межеден биыл асып түстік. Баламалы қуат көздерінен алынған энергия 7%-ке дейін өсті. Дегенмен бұл барлық қажеттілікті қамту үшін жеткіліксіз. Сондықтан мамандар бұл саладағы отандық өндірушілерді қолдау қажет,-дейді. Қазір елімізде осы салаға қажетті инновациялық жабдықтар шығаратын 6 кәсіпорын жұмыс істейді.
Сергей Агафонов, Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы:
- Біз жыл сайын жаңартылатын энергия көздерінен көбірек энергия өндіруіміз керек. Бірақ бұл үшін бізде құрылғылар жеткіліксіз. Мәселені толықтай импортпен ғана шешсек, энергияға ғана емес, сырттан келетін құрылғыларға да тәуелді боламыз. Бізге отандық нарықты қолдауға барынша күш жұмсау керек.