Хабар телеарнасы

Сенат жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды мақұлдады

Қазақстан 2050 жылға дейін өндіретін энергияның жартысын баламалы және жаңартылатын қуат көзіне айналдыру керек. Қазір бұл көрсеткіш небәрі 6%.

Сенаторлар салаға серпіліс беретін жаңа заңды мақұлдады. Құжатта нетто-тұтынушы ұғымы енгізілді. Яғни жеке тұлға өзін-өзі энергиямен қамтып, артылған қуатты сата алады. Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Мұндай жеңілдік тек жаңартылатын энегия көздерін өндірушілерге қатысты.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі

- Жеке тұлғалар үйлерінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайту біріншіден. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау. Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе. Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғалар, шағын бизнес өз шығындарын азайту үшін осындай мүмкіндік болсын деген бастама.