Хабар телеарнасы

Қарағандылық экобелсенділер құстарға қамқорлық көрсетіп жатыр

Қарағандылықтар аязды күнде құстарға қамқор болуымыз керек,- дейді. Қазір орманшылар бұғы, елік, арқарлар мен қояндарға күнделікті жем-шөп, тұз шашып жүр. Бұл түз тағыларының қыстан аман шығуына сеп болады.

Экобелсенділер мектеп оқушыларымен бірлесіп, қала ішіндегі ағаштарға құс ұялары мен жем салатын астауларды іліп жатыр. 

Сәкен Келдібаев, қала тұрғыны: 

- Мақсатымыз  – осы құстарды қыстан аман алып шығу. Өйткені азықтары қардың астында қалып қойды. Көктемге дейін аман шығару. Құстар біздің ертең ағаштарды зиянкестерден қорғайды. Ол үшін құстарға қамқорлық керек. Құстар – біздің табиғатымыздың мүшесі.