Хабар телеарнасы

«Таза бейсенбі» эконауқаны Маңғыстауда жалғасын тапты

«Таза бейсенбі» эконауқаны Маңғыстау өңірінде жалғасын тапты. Бұл жолы Мұнайлы ауданында орталық саябақ аумағы күл-қоқыстан тазартылды. Ауқымды сенбілікке Маңғыстау ауылының тұрғындары мен AMANAT партиясы филиалының қызметкерлері атсалысты. Көпшілік шаңды дауылға қарамастан, қоғамдық орындағы тал көшеттерін түптеп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады. «Таза Қазақстан» акциясы Мұнайлыда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Абылай Ахметов, AMANAT партиясы Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы:

-Осыдан 10 күн бұрын аудан әкімінің бастамасымен барлық коммуналдық мекемелер, мемлекеттік мекемелермен тазалық жұмыстарын осы 2025-те бастап кеттік. Ол акцияға біздің аудандағы депутаттар да қатысты. Экологиялық аухалды тудырмау, айналамызды таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Сол мақсатта ұйымдастырылып жатыр.