Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

  • 55
  • 16.05.2025, 18:30

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.

Бизнес ахуалды жақсарту арқылы экономиканы әртараптандыру бойынша Президент тапсырмасы бар. Шетелдік инвесторларға құлаққағыс: басым салаларда жаңа жобаларды іске асыру, терең локализация мен жұмыс орындарын ашу. Бұл ретте жергілікті жеткізушілерді қолдауды көздейтін Өнеркәсіптік саясат туралы заң және 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы бар. Ал инвесторлардың бұйымтайларына салалық министрліктердің басшылары түсіндірме берді.

Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша цифрлық инвестициялық платформа жасалды, арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардан өндіріс алаңдары қарастырылған. Оффтейк және ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік мол. Шетелдік инвесторлар кеңесінің мағынасы мүмкіндік бізден, инвестиция сізден дегенге саяды.