Қай саланың болса да дамуын қамтамасыз ету – Үкімет алдында тұрған маңызды міндет. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 6% болды. Әсіресе көлік пен сауданың даму қарқыны артқан. Басқа салалардың да өсімі тіркелген.
Азия мен Еуропаны байланыстыратын төрт жолақты көлік дәлізін салу. Бұл міндеттің басым бөлігі орындалағалы транзиттік көліктердің қатынауы жиіледі әрі өзіміздің жүкті тасымалдау жеңілдеді. Былайша айтқанда тақтайдай тегіс күрежол табыс бере бастады. Көлік саласындағы өсім биыл қаңтар-сәуір айларында 22% асыпты. Жоғары динамика Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында тіркелді. Өсім 11-ден 22 пайызға дейін.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Жалпы Қазақстан супермодельді мемлекеттер қатарына жатады. Бұл дегеніміз жүктерді су көлігімен де, теміржол көлігімен де, әуе қатынасы, сонымен бірге автомобль жолдарымен де тасымалдай аламыз. Тасымлдау түрлерінен ең үлкен көрсеткішке ие – теміржол. Енді құрылыс маусымы басталған сәттен бастап бұл көрсеткіш артады. Өйткені материалдар өңірлерге тасымалданады.
Келесі бағыт – сауда саласы. Ол 7% тұрақты өсуді көрсетіпті. Жеміс пен көкөністер, фармацевтикалық тауарлар, астық және мал азығының сатылымы артқан. Сондай-ақ көмір өндірудің ұлғайуы, тамақ пен химиялық өнімдер және машина жасаудың арқасында өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6,4%-ке жоғарылапты.
Бауыржан Темірбаев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық директоры:
- Жалпы ішкі өнімнің өсуі 6%. Оны былтырғы көрсеткішпен салысырып қарастырайық. 2024 жылдың осы кезеңінде ол 3,2 - 3,8 пайыз деңгейінде болған. Қарап тұрсақ, өңдеу сияқты салалардың дамуы арқылы экономика өсуде. Жақсы динамика қалыптасуда.
Тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі – табиғи ресурстарды, оның ішінде суды тиімді пайдалану. Сарапшылар тірішілік нәрін ысырап қылу және ластау экономикалық өсуді бәсеңдетеді, - дейді. Өйткені сапасыз су халықтың денсаулығының нашарлауына, ал судың тапшылығы азық-түлік өндірісінің төмендеуіне әкеледі. Ендігі әрекет қандай?
Жанпейісхан Абдуллаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің басқарма басшысы:
- Суды үнемдеу саясаты үш бағытта жүргізіледі. Ол ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тұрмыстық суды тұтыну. Мысалы, ауыл шаруашылығын алатын болсақ, онда ынталандыру әдістері, яғни жаңа технологияға көшкендер субсидия алады деген сияқты. Сондай-ақ министрлік тарапынан Су Кодексінің жаңа редакциясында суды үнемдеу үшін арнайы стандарттар әзірлеу көзделген.
Суды басқару деген түсінік қалыптасуда. Ол бойынша арнайы жоспар жасалған. Соған сәйкес елімізде су үнемдеу технологияларын қолданатын алқап көлемі 2026 жылға қарай 760 мың гектарға жеткізіледі. Ал суды көп тұтынатын мақта мен күріш сияқты алқаптар қысқартылады.
Ердәулет Ыбырайұлы, Дархан Күнтуов