Енді Қызылорда облысына тартылатын инвестиция көлемі артады. Өңірде «Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймағы құрылатын болды. Бұл Мемлекет басшысының аэрохабтарды дамыту туралы тапсырмасы аясында қолға алынған. Мұнай өндірісіне тәуелділікті азайтып, өндірісті әртараптандыру үшін керек. Облыста соңғы 10 жылда мұнай өндіру көлемі 3 есе азайды. Кейбір кеніштер сарқыла бастаған. Аймақта өнеркәсіп өндірісінің басым бөлігі тау-кен саласымен байланысты. Бұл өңір экономикасы үшін өзекті мәселе. Енді құрылыс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар мен инновациялар бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бес жылда 3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Ардақ Зебешев, облыс әкімінің орынбасары:
- Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолында орналасқанбыз, дәл ортасында. Үштен бірі Қазақстаннан өтетін жол Қызылордадан өтеді. Біздің жаңа аэрапортымыз бар. Жаңа әуе дәлізіміз бар. Сондықтан сол аэрохабты дамыту және өндіріспен оның қарым-қатынасын ұштастыру үшін соның қасына орнаттық.