Ұлттық статистика бюросының дерегінше, тауарлар өндірісі 8,2%, қызмет көрсету 5,3%-ке артты. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8 пайыз болды. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 5,4% артты. Саудадағы өсім - 9%. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген. Сондай-ақ көлік қызметінің көлемі 20,7 пайызға артты және бірқатар өңірде дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары. Олардың ішінде Ақмола, Қостанай, және Павлодар облыстары бар. Сүт өндірісі 5,2%-ке, ет өндірісі 2,8, жұмыртқа өндірісі 1,4% өсті.