Жетісу облысында 108 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды

  • 9
  • 12.12.2025, 18:51

Жыл соңына дейін Жетісу облысында екі құс фабрикасы, 4 мың тонна өнім алуға болатын жылыжай іске қосылады. Соңғы 3 жылда өңірде жалпы құны 87,5 млрд теңге болатын 27 жаңа кәсіпорын құрылған. Жұмыс істеп тұрған 7 кәсіпорын ауқымы кеңейтілген. Нәтижесінде 108 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды. Осы кезеңде облыста 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 13,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болған. Оның ішінде 2 мың 300-ден аса пәтер әлеуметтік осал топтарға, 388 пәтер апатты үйлердің тұрғындарына табыс етілді. 

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

-3 жыл ішінде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8% құрады. 276 нысан жаңартылды. Білім беру саласында 19 нысан салынды. 22 күрделі жөндеуден өтті. Облыста үш аусымды және құлау алдында тұрған мектеп жоқ. Денсаулық сақтау саласында 149 жаңа нысан қолданысқа берілді.