Биылғы жеті айда экспорт көлемі 15,8% өсті

  • 5
  • 09.10.2026, 18:33

Елдің экспорттық әлеуеті артып, шикізат емес, дайын өнімдерді жеткізу ұлғайған. Жалпы биылғы жеті айда экспорт көлемі 15,8 пайызға өсіп, 51 млрд долларға жуықтаған.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, биыл жарты жылда тауарлар экспорты 27,1 пайыз, яғни 48,5 млрд долларға дейін өскен. Осы кезеңде мыс катодтарын жеткізу 58 процентке артқан. Сондай-ақ мыс кендері мен мыс тотығын жеткізу 42,9 пайызға, уран 15,1 процентке артты. Күкірт экспорты 2,9 есе, күміс 2,4 есе көбейген.

Сыртқы саудада қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі де ұлғайды. Мысалы, жыл басынан бері шаруалар өнімінің экспорты 34,8 пайызды құрады. Күнбағыс майы 49,1 процент, ұн 37,1, мал азығын жеткізу 68,2 пайызға ұлғайды.