Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Технологиялық жаңғыру – ел дамуының негізі

  • 6
  • 29.10.2026, 18:14

Экономика қарқын алған сайын электр энергиясына қажеттілік те артып келеді. 2029 жылға қарай Қазақстан қуат көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жетуі керек. Бұл ел алдында тұрған стратегиялық міндеттің бірі. Бүгінде сағатына 123 миллиард киловатт электр энергиясын өндіреді. Өнеркәсіп пен құрылыс және ауыл шарушылығын дамытып жатқан, сондай-ақ жаппай цифрландыруға ден қойған ел үшін әлі де көп қуат көлемі қажет. Бұл міндетті арттыру орындау тапшылықты жоюден өзге, Қазақстанды өңірдегі технологиялық тұрғыдан жаңарған мемлекетке айналдырмақ. 

Ерлан Сайыр, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Осы іс-шаралардың барлығы Қазақстанды бүгінгі 21-ғасырдың экономикалық жағдайына сәйкес келетін технологиялық мемлекетке айналдырары сөзсіз. Өйткені Қазақстанда қазірдің өзінде дата-центрлер салынып жатыр. Сонымен бірге Президент Қазақстанда халықтық цифрлық қоғам қалыптастыруды тапсырды.  Бұл дегеніміз 21-ғасырдың әлеуметтік – экономикалық даму тенденциясына сәйкес азаматтардың пайда болатындығын көрсетеді.