Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан мен Қырғызстан сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізбек

  • 6
  • 30.10.2026, 18:10

Қазақстан мен Қырғызстан сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 2,4 млрд доллар болса, биыл ол 20 пайызға артқан. Бұл туралы Бішкекте өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Жиында сауда-экономикалық байланысты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Басқосуға қос елдің Премьер-министрлері қатысып, өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға басымдық берді. Атап айтқанда, өнеркәсіп, инвестиция, көлік-логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Олжас Бектенов Қазақстан Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.