Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Ірі инвестициялық жобаларға қолдау артады

  • 4
  • 05.11.2026, 18:06

Экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін банктерді ынталандыру шаралары жүріп жатыр. Ал биылғы тоғыз айда бизнеске бағытталған несие көлемі алты пайыздан асып, 16 триллион 400 миллиард теңгені құрады. Кәсіпкерлікті қолдау қорлары да көмек түрлерін арттыруға дайын. Бірі қажетті қаражатқа қол жеткізу үшін кепілдік беру бойынша жұмыс істесе, енді бірі ірі инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан қолдайды.

Бұл туралы Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында айтылды. Жиында Президент Жолдауынан туындайтын ұзақ мерзімді жобаларды қолдаудан өзге цифрлық экономиканы енгізу мәселесі де қаралды. Капитал нарығы туралы заң жобасы таныстырылып, 2030 жылға дейінгі тиісті бағдарлама талқыланды.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР ҚАРЖЫ нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

– Шағын және орта бизнесті кредиттеуді кеңейту және ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Агенттік аталған бизнестің кредиттері бойынша тәуекел саралау коэффиценттерінің 75 %-дан 50% дейін, ал сидикатталған қарыздар бойынша 100%-дан 50%-ға дейін төмендетті. Бұл банктерге капиталдың бірдей көлемі мен бизнесті кредиттеуге арттыруға мүмкіндік береді.