Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Ақтөбе облысында жаңа өндіріс орындары ашылады

  • 1
  • 19.11.2026, 18:06

Ақтөбе облысында жаңа өндіріс орындары салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапарымен барып, бірқатар инвестициялық жобамен танысты.

Үкімет басшысы ат басын бұрған нысанның бірі «Ақтөбе мыс компаниясы». Кәсіпорын жылына 5 млн тонна кен өңдеуге қауқарлы. Компания өз жұмысын бастағалы өндірісті дамытуға 407 млрд теңге инвестиция салған. Қазір серіктестік жерасты кеніші мен өндіріс көлемін көбейту бойынша үш бірдей жобаны қолға алған. Ал «Қазхром» компаниясы алюминий кластерін құру, энергетиканы дамыту, жаңа шахталар мен кен байыту фабрикасын салмақ. Сәйкесінше, мұнда жалпы құны 3,4 миллиард доллар болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ.

Ержан Абдулабеков, «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры:

– ERG тобы Ақтөбе өңірінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда. Солардың бірі – қорытпа газдарын қолданып, электр энергиясы өндіретін жаңа электростанция салу. Оның қуаттылығы 80 мегаватт болады деп күтілуде, инвестиция көлемі 100 миллион доллардан асады. Сонымен қатар ірі жобалардың бірі ретінде міне, болашақ шахтасына келіп отырмыз. Инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады. Бүгінгі күнде бұл дүниежүзіндегі, соның ішінде Қазақстандағы ең ірі, ең терең шахталардың бірі. Оның тереңдігі 1,2 километрден асады. Мұнда келешекте 6 миллион тоннаға жуық хром кені өндіріледі.