Аудит сапасын бақылау үшін кәсіби кеңес құрылады
Мәжілісте аудит туралы заң жобасы таныстырылды. Депутаттардың айтуынша, кеңес құрамына Қаржы министрлігі, «Астана» қаржы орталығының өкілдері және есеп комитеті мен аудиторлық ұйымдардың қызметкерлері кіреді.
Бүгінде елімізде аудит сапасын сырттай 6 ұйым бақылайды. Бірақ олардың жұмысы көңіл көншітпейді. «Объективті баға берілмей отыр», – деді депутаттар. Ал аудиторлардың кәсіби кеңесін құру – халықаралық тәжірибе. Сондай-ақ жаңа заң негізінде жылдық кірісі 4 млрд теңгеден асатын компанияларға міндетті аудит енгізу ұсынылған. Бұл қадам қомақты қаржы айналымы бар компаниялардың қызметіндегі ашықтықты, жариялықты қамтамасыз етіп, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қоюы тиіс.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Депутаттардың бастамасымен жасап отырмыз. Кәсіби кеңес құрылатын болады. Бұл жерде ең басты мәселе, аудиторлық қызмет қорытындыларының сапасын арттыру мәселесінде сапа комитеті болады. Міндетті түрде халықаралық стандартқа сәйкес практикалық емес эксперименттерді қолданады.