Атырауда ақылы қызмет пен азық-түлік бағасы өсті
Дегенмен көкөніс, лимон мен күріштің бағасы өзгеріссіз. Ақылы қызмет түрлері ақпан айында 16,5% өсті. Атап айтсақ, такси, шаштараз, химиялық тазалау қызметінің бағасы да көтерілді. Сондай-ақ теміржол билеттері де қымбаттаған.
Айнаш Есжанова, Атырау облысы бойынша Статистика департаменті басшысының орынбасары:
- Азық-түлік бағасы тауарлары бойынша ақпан айында орташа баға өсімі жармаға 5%, май және тоңмайға 3,1%, жемістер мен көкөністерге 2,3%, ұнға 1,3%, сүт өнімдеріне 1,1%, жұмыртқаға 1%, қантқа 0,5% және етке 0,4% деп белгіленді.