Қарапайым заттар экономикасы қарқынды дамып келеді
Жалпы арнайы комиссия 220-дан астам жобаны қарастырып жатыр. Бұл жайлы Үкімет үйінде өткен жиында айтылды. Импорт алмастыру мен экспортты дамыту бойынша ведомоствоаралық комиссия отырысында саладағы түйткілді мәселелер сөз болды. Әсіресе өңірлерде жобалық кеңселер ашып, жұмыстарын үйлестіру тетіктері айтылды. Бұған қоса жаңа жұмыс орындарын ашу мен жалақы көлемін көтеру жағдайлары сөз болды. Үкімет басшысы Асқар Мамин кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар аясы кеңейетінін айтты.
Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» компаниясының бас директоры:
- Отандық тауар шығарушыларды қолдау үшін жаңа бағдарламалар енгізіліп жатыр. Мысалы 6% несиені 10 жылға дейін беруге болады. Бұл – мемлекет тарапынан өте жақсы көмек.
Уәлихан Ахметов, кәсіпкер:
- Жаңа жұмыс орнын ашуға қатысты не импорттық тауарды алмастыруға қатысты бастамалар Үкімет тарапынан барынша қолдау табады. Бұл – бизнес үшін жақсы мотивация. Қазірдің өзінде бірқатар жоба қолдау тауып, сәтті жүзеге асып жатыр. Мұның барлығы ел экономикасы үшін өте пайдалы және аса қажетті қадам деп есептеймін.