Зейнетақы қорында ақшаның азайып жатқаны рас па?
«Хабар 24» арнасындағы брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді. «Қор мамандары бұл мәселені түсіндірген болатын. Бұл инвестициялық кірісті жеткілікті түрде іске асыра алмай жатқанымен байланысты. Сол себепті құзырлы сол қор мамандарының түсініктемелерін басшылыққа алғаныңыз жөн», – деп көпшілікті мазалаған сұраққа жауап берді.