Хабар телеарнасы

Зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп пайдалану тоқтатылуы мүмкін

Зейнетақы қорынан ақшаны ерте шешіп алу мүмкіндігін тоқтату қарастырылып отыр.

Үкіметте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Светлана Жақыпова атап өткендей, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60%-не тең болуға тиіс. Себебі ерте шешіп алғандардың ертең алатын зейнетақысы 34 мың теңгеден аспай қалады. Бүгінге дейін зейнетқордан 3 трлн теңгеден аса қаржы алынған.

Светлана Жақыпова сондай-ақ бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жұмыс уақыты өзгере ме? деген сұраққа да пікір білдірді. Себебі қыс мезгілінде күннің ерте батуына байланысты қолайсыздық туындайды. Министр бұл ретте жұмыс беруші мен қызметкер келіссе, жұмыс уақытының бір сағат қысқаруы немесе жылжуы мүмкін екенін жоққа шығармады.