Биыл ақылы жолдар бюджетке қанша қаржы түсіреді?
Бұл жайлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның болжауынша, ең көп түсім 1,9 миллиард теңге «Нұр-Сұлтан-Теміртау» бағытындағы жол учаскесінен болмақ. «Ал Нұр-Сұлтан-Щучинск» – 1,66 миллиард, «Алматы-Қорғас» – 1,1 миллиард, «Алматы-Қапшағай» бағыты 1,03 миллиард теңге қаржы әкеледі деп күтіледі.
Жалпы былтыр ақылы жолдардан 5,71 миллиард теңге қаржы жиналған. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» бағыты бойынша – 1,9 миллиард, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» – 1,66 миллиард, «Алматы-Қорғас» – 1,1 миллиард, «Алматы-Қапшағай» бағыты бойынша 1 миллиард теңге түскен.
Министрлік мамандары мәлімдегендей, ақылы жолдардың тарифі көтерілмейді. Есесіне биыл тағы 13 жол учаскесі ақылы болмақ.