Сенат депутаттары ЕАЭО-ның Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң жобасын қабылдады
Сенат депутаттары тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады. Әңгіме сағат, бағалы және жасанды әшекей бұйымдар сияқты тұтыну заттарына қатысты. Олар ұйымның Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген, бірақ күнделікті қолданысқа қажет. Мәселе қаралған құжат аясында шешілетін болды. Нақты айтқанда, енді ол өнімдердің қауіпсіздігін оны өндіретін және жеткізетін жеке кәсіпкерлер қамтамасыз етеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Бұл одаққа мүше елдердің кәсіпкерлеріне тең жағдай жасау және адал бәсекелестікті қалыптастыру үшін қажет. Сондықтан бүгін қабылданған заң өнімдердің Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген одақтың техникалық регламенттерімен реттелмейтін тауарлардың айналым тәртібін белгілейді. Соның нәтижесінде тұтыну нарығындағы бір топ тауардың қауіпсіздігін күшейтетін құқықтық негіз қалыптасады.