Halyk Bank рейтингі көтерілді
Маусым айында беделді ұйымның бағалау көрсеткіштері бойынша банк рейтингі инвестициялық деңгейге көтерілді. Ал кеше ғана ұзақмерзімді банктік салымдар көрсеткіші жаңа сатыға жоғарылады. Демек Halyk Bank тұтынушыларына салымдары үшін алаңдаудың қажеті жоқ.
Мұрат Кошенов, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұл біріншіден, клиент үшін сенімділіктің белгілі бір көрсеткіші. Анығырақ айтқанда, тұтынушы банктің тұрақтылық көрсеткіштерін беделді халықаралық агенттіктердің бағалауына қарай анықтайды. Банктің өзін-өзі ұсынғанынан бөлек, сарапшылардың банктің жұмысын зерттеуі, баға беруі тұтынушыға сенім ұялатады.
Рейтингтік көрсеткіштер банкт нарықтағы тұрақтылығына қарай беріледі. Яғни банктің қызмет көрсету сапасы емес, оның капиталының сақталуы, құнды қағаздарының бағалылығы, депозиттік базасы, өтімділігі, банктің стратегиясы сарапқа салынады.
Мұрат Кошенов, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары:
- Біріншіден, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. Банктің дұрыс даму стратегиясы бар. Корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқару да жақсы құрылымдалған. Сәйкесінше банк рейтингінің көтерілуі – клиенттеріміз үшін жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытуға, стратегияға назар аударуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бұл – банктің қызметін жоғары бағалаған биылғы үшінші халықаралық агенттік. Тәуелсіз рейтинг агенттіктердің бағалауы Halyk Bank-тің еліміздегі шетелдік үлесі жоқ екінші деңгейлі банктер арасында ең жоғары көрсеткішке ие екенін көрсетеді.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев